Туған күні: 08.09.1957 ж
Директорлар кеңесіне сайлау күні: 2024 жылғы 7 қараша (Жалғыз акционердің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 769 шешімі)
Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттік мерзімі:
«Мемлекеттік бюджет» мамандығы бойынша Семей қаржы-экономикалық колледжін бітірген.
Н.А. Вознесенский атындағы Ленинград қаржы-экономикалық институтында қаржы және несие мамандығы бойынша (аяқталмаған) оқыды.
Алматы халық шаруашылығы институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.
2018 жылдың сәуірінен қазіргі уақытқа дейін Марсель компаниялар тобы президентінің кеңесшісі
2017-2019 жылдар аралығында Оңтүстік Кореяның Unicom International Co., Ltd. компаниясының вице-президенті:
2018 жылғы наурыздан 2019 жылғы сәуірге дейін (осы лауазым жойылғанға дейін) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Оңтүстік Корея бойынша тәуелсіз серіктесі
2013 жылдан 2014 жылға дейін және 2016 жылғы қарашадан 2019 жылға дейін «Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы» ҒЗИ» АҚ тәуелсіз директоры, директорлар кеңесінің мүшесі.
2010 жылдың шілдесінен 2010 жылдың тамызына дейін «АКБ Интерпрайс LTD» ЖШС директоры
2009 жылдың мамырынан 2009 жылдың шілдесіне дейін ABN корпорациясының президенті
2007 жылғы тамыздан 2008 жылғы қаңтарға дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «ҚТЖ» АҚ президенті.
2005 жылдың маусымынан 2007 жылдың шілдесіне дейін «DANAKE» қаржы-өнеркәсіптік корпорациясының бірінші вице-президенті.
2003 жылғы шілдеден 2005 жылғы наурызға дейін «Қазына» АҚ «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқарма мүшесі.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіндегі және мемлекеттік органдарындағы жұмысы:
1978 жылдан 1992 жылдың 15 қарашасына дейін аудандық, қалалық және облыстық қаржы органдарында түрлі қызметтер атқарған.
1992-1997 жж. Қаржы министрлігінде бас бюджет басқармасының бастығы, қаржы вице-министрі болып жұмыс істеді.
1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет, спорт және денсаулық сақтау вице-министрі.
1999-2001 жылдары Мемлекеттік кіріс министрлігінде бірінші вице-министр дәрежесінде жұмыс істеді.
2001-2003 жылдары Қаржы вице-министрі болып жұмыс істеді