Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі
1977 жылы 18 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Семей мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, Еуразия гуманитарлық институтын «Құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша, Қазақстан медицина университетін «Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебі» мамандығы бойынша бітірген. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі академиялық дәрежесі бар.
2001 жылы № 6 Қалалық емхананың уролог дәрігері болып қызмет атқарды.
2001-2002 жылдары «Ақ Ниет» сауықтыру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің уролог дәрігері.
2002 жылы № 6 Қалалық емхананың уролог дәрігері.
2002-2003 жылдары «Ақ Ниет» сауықтыру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің уролог дәрігері.
2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бас әскери емханасы хирургия бөлімшесінің уролог дәрігері.
2004-2010 жылдары «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Урология бөлімшесінің дәрігері.
2010-2012 жылдары «№2 қалалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның урология бөлімшесінің меңгерушісі.
2012-2015 жылдары «№2 қалалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны бас дәрігердің медициналық қызмет жөніндегі орынбасары.
2015-2017 жылдары №2 Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері.
2016-2017 жылдары «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» Акционерлік қоғамының жалпы ауруханалық персоналдың уролог дәрігері (қоса атқарылатын жұмыс).
2017-2018 жылдары Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
2018 – 2019 жылдары «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның Бас дәрігері.
2019-2020 жылдары «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» Республикалық мемлекеттік мекемесі директорының бірінші орынбасары.
2020-2023 жылдары Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2023-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесінің Басқарма төрағасы болды.
2024 жылы 30 қазанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.