«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Пресс-релиз
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1238 қаулысына сәйкес акционерлік қоғам «ҚазМедТех»» Жарғылық капиталы мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйым болып табылады, Қоғамның қызметінің негізгі мәні лизинг шарттарымен одан әрі денсаулық сақтау ұйымдарына беру үшін медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу болып белгіленген. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 36-тармағы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 177-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, 2024 жылғы 14 мамырдағы № 4 қабылдау актісі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2024 жылғы 4 маусымдағы № ММЖК-02-ММ/6291 хаты және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2024 жылғы 28 маусымдағы №o 413 бұйрығы негізінде Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» мемлекеттік мекемесіне берілді (2018-2024 жылдары сенімгерлік басқаруда болған).
Осыған байланысты, Қоғамның Жарғысына өзгерістер енгізілді, олар 2024 жылғы 8 тамызда мемлекеттік тіркеуден өтті. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Қоғам қолданыстағы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірледі, оған 27.12.2024 жылы қол қойылып, 2025 жылдың 11 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Осыған байланысты, медициналық техниканы лизингке беру тетігінің жаңартылғаны туралы хабардар етеміз. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің және «Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес, лизинг – бұл инвестициялық қызметтің бір түрі. Лизинг нысанасын сатып алу лизингтік компанияның қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қаржылық лизинг процесінде туындайтын қатынастар лизинг шартымен реттеледі.
Инвестициялық жобалар шеңберінде медициналық техниканы лизингтеу және сатып алу тетігін жаңғырту лизинг беруші, өндіруші есебінен медициналық техниканы сатып алуға, бюджетке түсетін жүктемені едәуір азайтуға және денсаулық сақтау субъектілеріне объективті қажеттілігі бар медициналық техниканы ұтымды пайдалануға және алуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік мұқтаждарды сапалы және уақтылы қанағаттандыруға ықпал ететін медициналық техниканы ұтымды сатып алу тетіктерін енгізу үшін құқықтық негіздер теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Медициналық техниканы сатып алу нәтижелілігін арттыру халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемін, сапасы мен қолжетімділігін едәуір арттыруға және денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық техниканы тиімді пайдалану жолымен оларды көрсетуге арналған шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.