Мамыр 21, 2026

«ҚазМедТех» АҚ KIHE 2026 стратегиялық пленарлық сессиясына қатысты

Алматы қаласында 31-ші Қазақстандық халықаралық «Денсаулық сақтау» көрмесі – KIHE 2026 аясында мемлекеттік органдардың, медициналық қоғамдастықтың, салалық ұйымдар мен денсаулық сақтау саласының сарапшыларын біріктірген «Денсаулық сақтау жүйесі 2026: мемлекеттің стратегиясы және басқарушылардың рөлі» атты стратегиялық пленарлық сессия өтті.

Пленарлық сессияға «ҚазМедТех» АҚ Басқарма Төрағасы Ғалымбек Мұхамеджанов қатысып, денсаулық сақтау жүйесінің орнықты дамуы, инфрақұрылымды жаңғырту және медициналық ұйымдарды заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету тетіктерінің тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған баяндама жасады.

Баяндама барысында медициналық техниканы қаржы лизингі арқылы қамтамасыз ету құралдарын дамыту, медициналық ұйымдардың жоғары технологиялық жабдықтарға қолжетімділігін кеңейту, сондай-ақ сатып алу процестерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру бағытындағы тәсілдері аталып өтті.

Сондай-ақ саланы цифрлық трансформациялау, медициналық техниканы басқарудың заманауи тетіктерін дамыту және медициналық ұйымдардың ұзақ мерзімді қажеттіліктерін ескере отырып, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жүйелі жаңарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Пікірталас барысында қатысушылар алдағы жылдардағы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі сын-қатерлері мен басымдықтарын, оның ішінде медициналық көмектің қолжетімділігі, саланы технологиялық жаңғырту, өндірісті оқшаулау және заманауи басқару шешімдерін енгізу мәселелерін талқылады.

«ҚазМедТех» АҚ-ның осындай жоғары деңгейдегі салалық алаңдарға қатысуы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға және медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған практикалық шешімдерді әзірлеуге ықпал етеді. 

AI Website Software